Жақсы жігіт саған дінді үйретіп, мешітке апарады, басқалары секілді сенің нәфсіңді оятпайды. Жақсы жігіт күнде сен үшін Алладан жәннәт сұрайды, басқалары секілді тозаққа барар жолда жүргізбейді. Жақсы жігіт сенің әуерет жеріңді жапқаныңды қалайды, басқалары секілді ашық-шашық жүргеніңді емес. Жақсы жігіт сенің ерте жатып таң намазынан оянғаныңды қалайды, басқалары секілді түнгі клуб аралағаныңды емес. Жақсы жігіт сенің айыбыңды жасырады, басқалары секілді жұртқа жария салмайды. Жақсы жігіт сенің жарқын болашағыңа уайымдайды, басқалары секілді тек уақытша ләззатты емес. Жақсы жігіт сенің ар-намысыңды қорғайды, басқалары секілді ар-намысыңды аяқка таптамайды. Жақсы жігіт сенің жылтыр-жылтыр киім киіп ел көзіне түскеніңді қаламайды. Жақсы жігіт сені нағыз адал, тәрбиелі, қолынан іс келетін нағыз келін етіп тәрбиелейді.

Теги:

Теги других блогов: