Тұрмысқа ерте шықса — «Екіқабат болып қалыпты» дейміз. Тұрмысқа шықпаса — «Ешкімге керек болмаған ғой» дейміз. Жаман жігітке тап болса — «Өзіне де сол керек» дейміз. Жүкті болса — «Жезөкше» дейміз. Мүмкін оны зорлап кеткен шығар! Жүкті бола алмай жүрсе — «Ауру» дейміз. Бір бала туса — «Аз» дейміз. Көп бала туса — «Топырлатып туып жатыр» дейміз. Жұмыс жасаса — «Жұмыскер болып қалыпты өзінше» дейміз. Жұмыс жасамаса — «Еріншек, жалқау екен» дейміз. Білім жинап, көп оқыса — «Профессор» дейміз. Ал егер оқымаса — «Ақымақ» дейміз. Негізі, әр адамның — өз өмірі бар! Не істесе де, өзі біледі. Бұл — тағдыр! Тағдырдың жазғанын көреді. «10 күнәның 9-ы — тілден болады». Тілімізге ие болайық! Біреудің сыртынан сөз айту, Дінімізде — үлкен күнә, яғни Ғайбат болып табылады! Ал қоғамда — өсек...

Теги:

Теги других блогов: